Kiwami Awards 1920х1080

LEXUS ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

2020 KIWAMI AWARDS ҚОНАҚТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕГІ «ЕҢ ЖОҒАРЫ» ЖЕТІСТІКТЕРІ ҮШІН LEXUS ДИСТРИБЮТОРЛАРЫН МАРАПАТТАЙДЫ

  • Қонақтарға қызмет көрсетудің ерекше стандарттары үшін бүкіл Еуропа бойынша 300 дистрибютордың ішінен 14 Lexus дистрибюторы іріктелді.
  • Марапат Lexus компаниясының омотенаши атты бірегей қонақжайлылық принципі әр клиенттің талаптарына бейімделген қызмет көрсетуге мүмкіндік беретінін көрсетеді.
Клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандырудағы люкс класындағы автокөлік өндірушісінің әлемдік деңгейдегі беделін сақтаудағы маңызды рөлін мойындай отырып, Еуропадан келген Lexus дистрибюторлары қонақтарға қызмет көрсету саласындағы үздік жетістіктері үшін жыл сайынғы Kiwami марапаттау рәсімінде танылды. Осымен 4-ші жыл өткізіліп жатқан марапаттау бағдарламасы клиенттермен қарым-қатынаста люкс класындағы автокөлік брендінің омотенаши бірегей жапондық философиясын жақсы меңгерген сатушыларды марапаттайды.

30 жыл бұрын құрылған сәттен бастап Lexus брендінің негізі болған омотенаши философиясы сатушының клиентке үйіндегі қонақ ретінде қарауы айналасында шоғырланған. Атап айтқанда, бұл клиенттердің қажеттіліктерін алдын-ала болжау арқылы үміттерін ақтау тәсілдерін қамтиды. Бөлшек сауда ортасында бұл кездесу деңгейі, көрме залы мен қызмет көрсету аймағының жайлылығы, клиентке деген сыпайылық және қызмет көрсетудегі сапа, уақытылылық және икемділік арқылы көрінеді.

Атауы жапонның «ең жоғары» сөзінен шыққан Kiwami марапатында бүкіл Еуропа бойынша 300-ден астам Lexus орталығы ішінен тек 14 жеңімпаз таңдалды. Бағалау процесі дистрибюторлардың қонақтарына қызмет көрсету стандарттары мен олардың жалпы бизнес өнімділігін қамтитын екі кезеңнен тұрады. Қызметінің барлық аспектілерінде Lexus стандарттарын сақтау міндеттемесімен қатар, олар сенімді қаржылық құрылымды басқаруы және бизнес және сату жоспарларына сәйкес өнімділігін көрсетуі тиіс.

Lexus Europe басшысы Паскаль Рух былай деді: «Бұл марапат Lexus ұйымындағы ұмтылысымызға сәйкес, біздің өкілдеріміз бизнесінің барлық салаларында омотенаши философиясының ең жоғары стандарттарына қол жеткізетініне көз жеткізу үшін еуропалық дилерлік желі арқылы жасайтын инвестицияларымыздың көрінісі болып табылады.» Яғни, өнім дизайны мен оны орындаудан бастап қызмет көрсетуге дейін, жұмыстың әр кезеңінде біз клиентіміз үшін бар күшімізді саламыз.

«Біздің брендте негізделген омотенаши қонақжайлылық философиясы Lexus және дистрибюторларымыз үшін бірегей және берік бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз етеді, біз Kiwami жеңімпаздарының өткен жылғы үздік жетістіктерінің жемісін көруін асыға күтеміз.»

2020 Kiwami Award марапатының жеңімпаздары:
  • Lexus Tbilisi / Кавказ (Грузия)
  • Lexus Annemasse / Франция
  • Lexus Osnabrück / Германия
  • Lexus Padova / Италия
  • Lexus Astana / Қазақстан
  • Lexus Romerike / Норвегия
  • Lexus Trójmiasto/ Польша
  • Lexus Warszawa-Żerań / Польша
  • Lexus Togliatti / Ресей
  • Lexus Voronezh / Ресей
  • Lexus Sabadell / Испания
  • Lexus Guildford / Ұлыбритания
  • Lexus Cardiff / Ұлыбритания
  • Lexus Odesa / Украина