1. Discover Lexus
  2. New ES release
Байланысу

LEXUS ПРЕМИУМДЫҚ КЛАССТАҒЫ АСА СӘНДІ ES СЕДАНЫНЫҢ ЖАҢА БУЫНЫНА ТАПСЫРЫС ҚАБЫЛДАУДЫ БАСТАДЫ.

2018 жылдың 1 тамызында Қазақстандағы Lexus премиумдық класстағы аса сәнді ES седанының жетінші буынына тапсырыс қабылдаудың басталғанын хабарлады. Келісімшарт жасау Lexus-тің ҚР аумағындағы барлық ресми дилерлерінде қолжетімді.
Жаңа платформа жетінші буындағы Lexus ES-ті жайлы етіп қана қоймай, үлгі тарихындағы басқарудың ең жақсы деңгейін қамтамасыз етті.
Заманауи технологиялар қауіпсіздіктің аса жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Lexus Safety System пакетінің арқасында ES өз сегментінде жүргізуші мен жолаушылар қорғанысы бойынша көш бастауға үміттті.
ES 250 нұсқасына арналған жаңа қозғалтқыш бензинді қозғалтқыштар үшін аса жоғары 38% пайдалы әрекет коэффициентіне ие, Lexus ES 350 және ES 350 F SPORT нұсқаларындағы V6 қозғалтқышының сипаттамалары V6-ның алдыңғы буындарынан басым түседі.
Жетінші буындағы Lexus ES ең заманауи мультимедиалық мүмкіндіктерге ие. Премиумдық Mark Levinson PurePlay аудиожүйесі орындықтардың бірінші және екінші қатары үшін өзіндік дыбыс құрады.
Қазақстанда жаңа Lexus ES екі нұсқада, 5 жиынтықта, күштік құрылымның 2 нұсқасымен, 8 сатылы су жаңа Direct Shift трансмиссиясымен ұсынылады. Сонымен қатар, үлгі тарихында алғаш рет F SPORT нұсқасында ұсынылады.
Жаңа буындағы Lexus ES бағасы Қазақстанда 15 790 000 теңгеден 21 980 000 теңгеге дейінгі соманы құрайды.

2018 жылдың 1 тамызында Қазақстандағы Lexus премиумдық класстағы аса сәнді ES седанының жетінші буынына тапсырыс қабылдаудың басталғанын хабарлады. Келісімшарт жасау Lexus-тің ҚР аумағындағы барлық ресми дилерлерінде қолжетімді.

Lexus ES-тің жетінші буыны Lexus топтамасында ең ұзақ тарихы бар және ең танымал үлгілердің бірі болып табылатын үлгі үшін жаңа дәуірдің есігін ашады. Жаңа Lexus ES сатып алушылар брендтен күтетін қасиеттердің барлығына ие, бірақ жаңа аудиторияны тарта алатын қасиеттерден де кенде емес. Батыл дизайн, жайлылық, әсерлі басқарылу, аса жоғары сапа, шабыт беретін технологиялар және клиентке деген қамқорлық бұл автокөлікте мүлде жаңа деңгейге шықты. Жүргізушінің эмоциясына мән беретін, әсерлі динамикаға ие, қауіпсіздіктің жаңа жүйелерімен жабдықталған жетінші буындағы ES үлгі имиджінің ең басты ерекшеліктерін сақтап, оларды жаңасымен толықтырады.

Енді Lexus ES динамика, жүргізуден ләззат алу, сындарлы басқарылуы және ең заманауи жоғары технологиялар тұрғысынан балама ұсына отырып, өз сегментінде қарсыластарына қарсы шығады.

Жетінші буындағы Lexus ES премиумдық бизнес-седанның дизайндық мүмкіндіктерін кеңітетін су жаңа платформада жасалған. Автокөлік алдыңғысынан 65 мм-ге ұзынырақ және 45 мм-ге жалпақ болды. Дөңгелек базасы (+50 мм) және алдыңғы және артқы табан ізі ұлғайды. Жаңа платформа Lexus-тің Ясуо Каджино бастаған дизайнерлер ұжымы үшін қиял еркіндігін ашып, автокөлікті әсем әрі анағұрлым батыл етуге мүмкіндік берді. Жаңа ES спорттық көлікке тән төмендетілген қақпақ сызығына, аласа кескінге ие, соның арқасында ол анағұрлым қарқынды көрінеді, ал сорғалап аққан су іспетті дизайн сызықтары көлікті бірден танытады.

Lexus ES-тің жетінші буынын әзірлеу барысында дизайнерлер алдыңғы панель мен консольдегі барлық басқару элементтерін жүргізушіге бағыттап, алдыңғы жолаушыға арналған аймақты ашық әрі жайлы етті.

Одан бөлек, шанақ төбесінің төмендетілген сызығына қарамастан, жаңа Lexus ES-те екінші қатардағы жолаушылар үшін кеңдік қамтамасыз етілген, ұлғайтылған дөңгелек базасы орындықтар қатары арасындағы кеңістікті кеңейтуге мүмкіндік берді.

Дизайнерлік эргономикалық жаңалықтар жетінші буындағы Lexus ES-тің жалғыз артықшылығы емес. Ясухиро Сакакибара бастаған инженерлер ұжымы ең алдымен өзінің жайлылығымен және тыныштығымен танымал әсем седанның имиджін кәдімгідей өзгертті. Енді Lexus ES жақсартылған жауап қайтаруымен, басқару жеңілдігімен және қуаттылығымен де мақтана алады.

Lexus-тің алдыңғы жетекті автокөліктерге арналған жаңа платформасы бұралуға деген қаттылығымен аса сәнді LС купесі мен флагмандық LS седаны жасалған платформамен бәсекелесе алады. Артқы көп иінтіректі аспаның толықтай жаңа құрылымы, рөл тақтайшасындағы электрлі мотор бекіткіші бар электрлі рөлді күшейткіш және артқы орындықтың артындағы V іспетті күшейткіш кергі Lexus инженерлерінің автокөлікті жаңа дәлдік деңгейінде баптауына мүмкіндік берді. Lexus ЕS жүргізу стилі мүлде ұқсамайтын жүргізушілерге автокөлікті толық бақылауда ұстау сезімін береді.

Қазақстанда жетінші буындағы Lexus ES екі нұсқада ұсынылған: ES 250 және ES 350. Бұдан бөлек, үлгі тарихында алғаш рет ES 350 үлгісі үшін F SPORT нұсқасы ұсынылды. Барлық нұсқалар алдыңғы жетекке ие. Lexus ES 250-ге жұмыс көлемі 2487 текше см-ге тең тиімділігі жоғары, жақсартылған жұмыс көрсеткіштеріне, жоғары үнемділікке ие жаңа қозғалтқыш орнатылған. Қозғалтқыштың қуаттылығы 200 ат күшіне, ал айналу сәті 243 Нм-ге тең. Жеңіл алюминийден әзірленген, ұлғайтылған поршень қимылы мен газ үлестіру фазаларын реттейтін VVT-i жүйесі бар бұл қозғалтқыш бензинді күштік агрегаттар үшін озық 38% пайдалы әрекет коэффициентіне ие.

Lexus ES 350 және ES 350 F SPORT үшін қарастырылған V6 (3456 текше см) қозғалтқышы мықты жылдамдық арттыруды қамтамасыз етеді және дыбыс ырғағына ие. V6 бірқалыпты жұмысымен ерекшеленеді. Отынды бүркудің D4-S жүйесіндегі жаңартулардың арқасында, оның қуаты 249 ат күшін құрайды, бұл алдыңғы буындағы V6 қозғалтқышының көрсеткішінен кәдімгідей жоғары.

2.5 және 3.5 литрлік қозғалтқыштар жылдамдықтардың айқын ауысуы мен автокөліктің газ педаліне жылдам жауап беруін қамтамасыз ететін жаңа сегіз сатылы автоматты Direct Shift трансмисиясымен жұптаса жұмыс істейді. Трансмиссияның беріліс сандарының кеңейтілген диапазоны жылдам екпін алу үшін төменгі диапазонда қысқа, жоғарғы диапазонда және бірқалыпты қозғалыста ұзын берілістерді пайдалануға мүмкіндік береді.

ES 350 F SPORT нұсқасы үшін LC купесіне орнатылған аспаға ұқсас бейімді реттелетін AVS аспасы ұсынылады. Оның амортизаторлары демпфирлеуші күштерді баптаудың 680 деңгейіне ие және кез келген жол төсемінде бақылаудың теңдессіз деңгейін қамтамасыз етеді.

Жетінші буындағы Lexus ES шанағының түстік палитрасы 12 нұсқадан тұрады, олардың 16-сы металлик әсеріне ие. Ақ түсті F SPORT және  көк түсті F SPORT түстері ES 350 F SPORT жиынтығы үшін эксклюзивті түрде ұсынылады. Салон түстері мен әрлеуінің кең таңдауы ең талапшыл сатып алушының да көңілінен шығады. Орындық қаптауышы Tahara жасанды былғарысынан, табиғи былғарыдан және өте жұмсақ Semi-aniline табиғи былғарысынан жасалуы мүмкін. Декоративті қосымшалардың алуан түрлі нұсқалары салон дизайнын барынша дербестендіруге мүмкіндік береді. Ондай қосымшалар қара түсті рояльдік лак, қара не қоңыр түсті Шимамоку ағашы, бамбук әрлеуіне ие болуы мүмкін, ал F SPORT жиынтығы үшін декоративтік қосымшалар хадори (Hadori) деп аталатын самурай семсерлерін әзірлеудің дәстүрлі жапондық өнері техникасы бойынша арнайы алюминийді қолдана отырып жасалады.

Жаңа Lexus ES 250 үш жиынтықта қолжетімді: Executive, Premium және Luxury. Ең қуатты ES 350 нұсқасы Luxury және  F SPORT жиынтықтарында ұсынылады.

Премиумдық класстағы седан жайлы түсініктердің барлығына толықтай сай келетін бастапқы Executive жиынтығы жабдықтаудың тамша деңгейіне ие. Аталған жиынтықтағы Lexus ES 250-ге (15 790 000 теңге) 215/55R17 шиналарына ие 17 дюймдік жеңіл балқытылған дискілер орнатылған. Одан бөлек, автокөлік жеңіл балқытылған дискідегі толық өлшемді қосалқы дөңгелекпен жабдықталған.

Executive жиынтығындағы Lexus ES-тің заманауи оптикасы; жарықдиодты күндізгі жүріс шамдары, шам жуғыштар мен көлбеулену бұрышын автоматты түзеткіші бар жақынға және алысқа түсетін жарықтың бір линзалы жарықдиодты шамдары, сонымен қатар тұманға қарсы шамдар функциясына ие бұрылысты жарықтандыратын қосымша жарықдиодты шамдар мен тұманға қарсы жарықдиодты артқы шамдар көлік жүргізуді қауіпсіз етеді, ал автокөліктің өзі кез келген уақытта және кез келген ауа райында жолда жақсы байқалады.

Рөл колонкасы екі бағытта электрлі реттеледі, ал алдыңғы орындықтар сегіз бағытта, олардың бел тірегіштері екі бағытта реттеледі. Қолмен жасалған көп функциялы рөл дөңгелегі бағалы былғарымен қапталған, рөл астында ыңғайлы берілісті ауыстырып қосқыштар орналасқан.

Nanoe ауа иондағышы бар екі аймақтық климат-бақылау салондағы жайлы ортаны қамтамасыз етеді. Жақсартылған жайлылықтың басқа функцияларының ішінде екі смарт кілті бар автокөлікті ашудың интеллектуалды жүйесі, қозғалтқышты батырма көмегімен іске қосу, барлық есіктің әйнек көтергіштері, жарық бергіш, жүргізуші көлікке отырған не одан түскен кезде автоматты жылжитын рөл колонкасы, динамикалық белгісі бар артқы көрініске арналған камера, круиз-бақылау, артқы көрініске арналған электрлі хромды айналар, электрлі жетекті люк, Start/Stop жүйесі және электрлі тұрақ тежеуіші бар.

Заманауи және ыңғайлы графикаға ие 7 дюймдік көп функциялы дисплей аспаптар панелінде, жүргізушінің көз алдында орналасқан, ал 8 дюймдік LDA-мониторына ие CD, MP3, WMA форматтарын қолдайтын мультимедиалық жүйе бір AUX, екі USB жалғағыштарымен және Bluetooth модулімен жабдықталған, ол 10 динамиктің көмегімен тамаша дыбыс шығарады. Бұдан бөлек, ортаңғы консольде құрылымы мен пішіні жаңартылған Remote-Touch ыңғайлы джойстигі орналасқан.

Lexus бренді үшін дәстүрлі түрде клиенттердің қауіпсіздігін қорғау аса маңызды құндылықтардың бірі болып табылады. Lexus ES-тің барлық нұсқалары 10 қауіпсіздік жастығымен: екі қарсы алды (іске қосылудың екі сатылы алгоритміне ие), екі алдыңғы тізелік, алдыңғы және артқы бүйірлік, сонымен қатар салонды бойлай орналасқан екі қауіпсіздік пердешесімен жабдықталған. Бұдан бөлек, Lexus ES жиынтық түріне байланыссыз дабыл жүйесімен, иммобилайзермен және шұғыл апаттық қызметтерді шақыртуға арналған ЭРА-ГЛОНАСС жүйесімен жабдықталады. Сонымен қатар, Lexus ES-тің бастапқы жиынтығында көптеген қауіпсіздік жүйелері қарастырылған: VSC бағыттық тұрақтылық жүйесі рөлді электрлі күшейткішпен (EPS) біріктірілген, тежеуіштерді бұғаттауға қарсы жүйе тежеуіш күштерін үлестіру жүйесімен толықтырылған, тұрақ тежегішін автоматты іске қосу (Brake hold) функциясы бар. Сондай-ақ автокөлік еңісте қозғалуды бастаған кезде көмек беру жүйесімен (НАС) және шинадағы қысымды бақылау жүйесімен жабдықталған, ал тежеуіш шамдары апаттық тоқтауда дабыл қағу функциясына ие. Артқы орындықтарда балалар орындығын орнатуға арналған ISOFIX бекіткіші қарастырылған.

Жаңа Lexus ES 250-дің Premium жиынтығы 18 010 000 теңгеге сатылуда. Бұл жиынтық 235/45R18 өлшемді шиналары бар 18 дюймдік жеңіл балқытылған дискілерден тұрады. Орындықтар былғарымен қапталған, алдыңғы орындықтар да желдеткіш бар, жүргізуші орындығының жастықшасы ұзындығы бойынша электрлі реттеумен жабдықталған,жүргізуші орындығының бел тірегіші электрлі реттеудің төрт бағытына, ал жолаушы орындығы 2 бағытына ие. Одан бөлек, жиынтықта жүргізуші орындығының, рөл колонкасының және артқы көрініске арналған сыртқы айналардың баптаулар жады қарастырылған. Көп функциялы былғары рөл ағаш қосымшалармен әрленген және шеңберді бойлай орнатылған жылытқышы бар. Интерьердің декоративті қосымшалары да ағаштан жасалған.

Lexus ES 250 Premium жауын туралы хабарлағышпен, артқы әйнектің электрлі жетегі бар күннен қорғайтын пердешемен және сыртқы айналарды автоматты бүктеудің электрлі жетегімен жабдықталған, ал жүргізушінің жайлы отыру және түсу жүйесі орындықтың автоматты жылжитынын білдіреді. Бұдан бөлек, алдыңғы әйнектің тұтас бетін жылытқыш суық күндері қозғалысты анағұрлым жайлы етеді. Premium жиынтығында жоғарыда аталған қауіпсіздік жүйелерінің тізімі бүйірлік айналардағы көрінбейтін аймақтарды бақылау жүйесімен (BSM) және автоматты тежеу функциясына ие тұрақтан артқы жүріспен шығу барысында көмек беру жүйесімен (RCTAB) толыққан.

Luxury жиынтығында түнгі уақыттағы жұмысты қоса алғанда, 4 камерамен панорамалық шолу жүйесі қарастырылған. Бұдан бөлек, автокөлік жүксалғыш қақпағының жанасымсыз сенсоры бар электрлі жетегімен жабдықталған. Lexus ES 250 Luxury-де жылдамдықтардың толық диапазонында жұмыс ітсейтін бейімді круиз-бақылау бар, ал жүргізуші мен жолаушылардың иелігінде мобильді телефонды сымсыз зарядтауға арналған панель пайда болды.

Luxury жиынтығындағы жетінші буындағы Lexus ES автокөліктері белсенді қауіпсіздік жүйелерінің Lexus Safety System жаңа кешенімен жабдықталған, оған жүргізушінің шаршаңқылығын бақылау жүйесі, қозғалыс жолағын ауыстыру барысында көмек беру жүйесі және автоматты тежелу функциясына ие соқтығысудың алдын алу жүйесі кіреді. Бұл белсенді қауіпсіздік технологияларының пакеті жаңа мүмкіндіктер беріп, қауіпсіздік жүйелері жүргізуші мен жолаушыларды қорғауды қамтамасыз ете алатын басқару сценарийлерін кеңейтеді.

Luxury жиынтығының ең жоғарғы деңгейі Lexus ES 250 (21 610 000 теңге),  ES 350 (24 310 000 теңге) үшін де қарастырылған. Бұл нұсқаның орындық қаптауышы аса жұмсақ Semi-aniline былғарысынан жасалған, алдыңғы орындықтардың екеуі де бел тірегіштің 4 бағыттағы электрлі ретеуі мен баптаулар жадына ие. Артқы орындық арқасының көлбеу жерін де электрлі жетектің көмегімен реттеуге болады, ал оң жақтағы жолаушы үшін алдыңғы жолаушы орыныдығының қалпын қашықтықтан реттеу функциясы пайда болды. ES 250 және  ES 350 Luxury үш аймақтық климат-бақылаумен жабдықталған. Артқы шынтақ тірегішке климат-бақылауды, жылытқышты, артқы орындықтардың қалпын, аудиожүйені және артқы әйнек пердешесін басқаруға арналған модуль орнатылған. Күннен қорғайтын пердешелер артқы есік әйнектері үшін де, бүйірлік артқы әйнектер үшін де қарастырылған, ал көлік төбесі электрлі жетекті люкке ғана ие емес, ол әрі панормалық етіп жасалған.

Бұдан бөлек, жүргізуші иелігінде барлық ақпаратты жүргізушінің көру деңгейінде көрсететін проекциялық түрлі түсті диплей (HUD) пайда болды, бұл жолдан алаңдамауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Luxury жиынтығындағы автокөлік навигациялық жүйемен жабдықталған. Премиумдық класстағы 17 динамигі бар жаңа Mark Levinson аудиожүйесі мен EMV-мониторы автокөлік аудиосын бағалайтын талғампаз жандардың талғамынан шығып қана қоймай, күткеннен де артық нәтиже көрсетеді. Онда әлемде бірінші рет автокөлік салонындағы әр жолаушыны қуатты, тұнық және сапалы дыбыс атмосферасына енгізуге мүмкіндік беретін архитектура қолданылған. PurePlay технологиясы теңдессіз сапаға ие дыбыстық ортаны қалыптастыра отырып, көптеген бірегей шешімдерді пайдалану арқылы сығымдалған цифрлық сигналды баптау және өңдеудің нақты технологиясын қамтамасыз етеді. Салондағы жүйе динамиктері иық деңгейінде орналастырылған, бұл акустиканы жақсартып, біртұтас дыбыстық кеңістік құрады.

Жиынтықтар тізімінде аса сәнді бизнес-седанға тән бүкіл сән-салтанатты сақтаған, бірақ жүргізу динамикасы мен басқарылуынан барынша ләззат алуға бағытталған Lexus ES 350 F SPORT (21 980 000 теңге) бөлек тұр. F SPORT нұсқасы бұл үлгі тарихында алғаш рет Lexus ES үшін ұсынылуда. ES 350 F SPORT 235/45R18 шинасы бар 18 дюймдік күңгірттелген жеңіл балқытылған дискілердің эксклюзивті дизайнымен ерекшеленеді. Үлгі құрамына дизайнның алдыңғы және артқы бампер, жүксалғыш қақпағындағы спойлер, радиатор торы, алдыңғы қанаттардағы F SPORT логотиптері, күшейтілген бүйірлік сүйеніштер және арнайы жасанды былғары қаптауыш, F SPORT логотипі бар рөл сынды эсклюзивті элементтер кіретін F SPORT пакетімен жабдықталған. Салонда арнайы жасанды былғарымен қапталған күшейтілген бүйірлік сүйеніштері бар спорттық алдыңғы F SPORT орындықтары, F SPORT логотипі бар рөл, педальдердің алюминий қаптамалары және табалдырыққа арналған қаптамалар орнатылған. Интерьердің декоративті қосымшалары арнайы алюминийден жасалған, бұрын Lexus ондай ештеңе ұсынған емес; хадори» (Hadori) әрлеуі жапон халқының дәстүрлі семсер жасау техникасына сүйенеді. Мұнда көру бұрышы ауысқанда көлемді әсер беретін жайнаған толқынды өрнек пайдаланылған, бұл шеберлік пен бөлшектерді қайта өңдеудің жоғары деңгейін көрсетеді. Брендтің модельдік қатарында ерекше орынға ие F SPORT нұсқасы солай жасалған.

Lexus ES 350 F SPORT бірқатар техникалық артықшылықтарға ие. Қозғалыс режимдерін таңдау селекторы стандартты ECO, NORMAL және SPORT режимдеріне қосымша динамикамен және басқарумен байланысты барлық жүйелер жұмысының жылдам жауап қайтаруының ең жоғарғы деңгейі қамтамасыз етілген SPORT+ қосымша режиміне ие. Бұл автокөліктерге бейімді реттелетін AVS аспасы орнатылған. Сонымен қатар, ES 350 F SPORT қозғалтқыш дыбысын түрлендіру жүйесімен жабдықталған, ол қосымша дыбыстық қабат құрып, қуатты қозғалыстың табиғи ырғағын күшейтеді.

Премиумдық класстағы аса сәнді Lexus ES үлгісінің жаңа буыны, оның сипаттамалары, нұсқалары мен жиынтықтары және қазіргі бағалары туралы анағұрлым толық ақпаратты Lexus-тің Қазақстандағы кез келген ресми дилерінен алуға болады.