Байланысу

LEXUS ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА

КЕШЕНДІ АМАЛ-ТӘСІЛ

«LEXUS-ТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ КӨҢІЛ БӨЛУІ ҒАЛАМШАРҒА ДЕГЕН ҮЛКЕН ҚҰРМЕТПЕН ЖӘНЕ ОҒАН ҚАМҚОРЛЫҚ ТАНЫТУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ, ПРОЦЕССТІҢ БЕС КЕЗЕҢІМЕН ТАНЫСУ АРҚЫЛЫ, СІЗ LEXUS-ТІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА КЕЛЕТІН ЗИЯНДЫ ҚАЛАЙ АЗАЙТАТЫНЫ ТУРАЛЫ БІЛЕСІЗ.».


МАҚСАТ: ЗИЯНДЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ БОЛМАУЫ

LEXUS КОМПАНИЯСЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ДАМУ БАҒЫТЫН АНЫҚТАУДЫ ӨЗ МІНДЕТІ ДЕП САНАЙДЫ .

Біз тұрақты даму – жүз жылдықтың сала мен қоғам алдындағы расымен де ең маңызды жалғыз міндеті екендігіне сенімдіміз. Бұл міндеттің шешімі тек біздің өнімдерімізден ғана емес, компания мен қызметкерлеріміздің әрбір қызмет ету аспектісінен де көрінеді.

Тұрақты мобильділік жайлы айқын түсінігімізді негізге ала отырып, біз келесі шараларды қолға аламыз:

  • Гибридті автокөліктер сынды экологиялық технологиялар әзірлейміз
  • Қызметіміздің барлық салалары бойынша қоршаған ортаға әсерді азайтамыз
  • Өндірістегі табиғи ресурстардың үлесін барынша азайтып, қайта өңделген материалдардың қолданысын кеңейтеміз
  • Жергілікті бірлестіктермен бірге қоршаған ортаның жағдайын жақсартамыз

Біз бұл ұстанымды қоршаған ортаны қорғау саласында көшбасшылыққа бағытталған кешенді амал-тәсіл деп атаймыз. Біз қызметіміздің барлық саласы бойынша зиянды шығарындылар мен қалдықтардың болмуына талпынамыз. Біз уақыт өтке келе тәжірибеміз бен кайдзен (үздіксіз жетілу) философиясының арқасында осы мақсаттқа жететіндігімізге сенімдіміз. Себебі Lexus-тің дамуы мен жетістігі дәл осыған байланысты.


1-КЕЗЕҢ: ӨНІМДІ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ӘЗІРЛЕУ

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ТИЕТІН ӘСЕРДІ БАРЫНША АЗАЙТУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШАРАЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ҚАЖЕТ. СОНДЫҚТАН БІЗ ТОЛЫҚ ЦИКЛДІ АМАЛДЫ ҚОЛДАНАМЫЗ. ҮЗДІКСІЗ ДАМУДЫҢ ОСЫ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ ТҰТЫНАТЫН РЕСУРСТАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛАДЫ, СОНЫМЕН ҚАТАР БІЗДІҢ ӨНІМНІҢ БҮКІЛ ӨМІРЛІК ЦИКЛЫНДАҒЫ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚҚА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ЕСКЕРЕДІ.

Біз алғашқылардың бірі болып қайта қалпына келу коэффициенті жоғары материалдардың қолданылуын меңгерудеміз және қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін оңай қайта өңдеп, кейін тағы пайдалануға болатын бөлшектерді пайдаланамыз. Lexus-тің тіпті ең байқалмайтын элементтері де осы қағида негізінде жобаланады: қайта өңделген бамперлер жүксалғышты әрлеу үшін, ал ұсақталған дыбыс оқшаулайтын материалдар аспаптар панелінің артындағы дыбыс изоляциясы үшін қолданылады.

Есік панельдері енді бұрынғыдай ағаш жаңқасынан емес, кенафтың (гибискус тұқымдас өсімдік) сабағынан жасалады.

Кенаф CO2-ні басқа өсімдіктермен салыстырғанда 2-5 есе артық сіңіреді. Жөндеу жұмыстарымен айналысатын шеберханалардан шыққан бамперлердің талшықтары мен үзінділерінен дыбыс оқшаулау қасиеті жақсартылған жеңілдетілген есік әрлеуі дайындалады. Бұл шешім орман ресурсының сарқылуына да тосқауыл болады.

«БІЗ ШЕКСІЗ ҚАЙТА ӨҢДЕУГЕ БОЛАТЫН ПЛАСТИК ЖАСАДЫҚ. ОЛ БІЗДІҢ БАРЛЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРІМІЗДЕ ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ ЖӘНЕ ЕНДІ БАРЛЫҚ АВТОӨНДІРУШІЛЕР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ».


2-КЕЗЕҢ: ӨНДІРІС

Lexus компаниясы қоршаған ортаны қорғау саласындағы даму бағытын анықтауды өз міндеті деп санайды. Біз тұрақты даму – жүз жылдықтың сала мен қоғам алдындағы расымен де ең маңызды жалғыз міндеті екендігіне сенімдіміз. Бұл міндеттің шешімі тек біздің өнімдерімізден ғана емес, компания мен қызметкерлеріміздің әрбір қызмет ету аспектісінен көрінеді

Біз бұл ұстанымды қоршаған ортаны қорғау саласында көшбасшылыққа бағытталған кешенді амал-тәсіл деп атаймыз. Біз қызметіміздің барлық саласы бойынша зиянды шығарындылар мен қалдықтардың болмауына ұмтыламыз. Біз уақыт өте келе тәжірибеміз бен кайдзен (үздіксіз жетілу) философиясының арқасында осы мақсатқа жететінімізге сенімдіміз. Себебі Lexus-тің дамуы мен жетістігі дәл осыған байланысты.


3 КЕЗЕҢ: ЛОГИСТИКА

Lexus-тің қоршаған ортаға қамқорлығы процесстердің барлық спектрін қамтиды: шикізатты жинау және тасымалдаудан бөлшектерді өңдеу және құрастыруға дейін, шоу-рум жұмыстарынан автокөліктердің қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін материалдарын қайта өңдеуге дейін.

Біз еңсерілетін қашықтықты жылына 4920 км-ге дейін қысқарттық, бұл CO2 шығарындысын 1020 тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік берді. Біз бұған көлік бағыттарын өте мұқият жоспарлап, әр жүк көлігінің пайдалы жүктемесін екі есе ұлғайтқанның арқасында қол жеткіздік.


4-кезең: ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ ӨТКЕН АВТОКӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТА ӨҢДЕУ

РЕСУРСЫ САРҚЫЛҒАН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН УТИЛИЗАЦИЯЛАУ БОЙЫНША ДИРЕКТИВА ҚАЛДЫҚТАРДЫ ШЕКТЕУГЕ, ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ АЯҚТАЛҒАН АВТОКӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТА ӨҢДЕУДІ КЕҢІТУ ЖӘНЕ СОДАН АЛЫНҒАН МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚАЙТА ПАЙДАЛАНУҒА БАҒЫТТАЛҒАН.

Lexus компаниясы аталған директиваның талаптарын ұстанады. Оларды орындау үшін белгілі бір талаптарға сай келетін Lexus автокөліктерінің барлығын тегін утилизациялау бағдарламасы енгізілді.

Біз тегін утилизациялау бағдарламасының аясында жеткізуші ретінде Autogreen компаниясын таңдадық. Оның мамандары сіздің көлігіңіздің тегін утилизациялауға сай келетін-келмейтініне қатысты кеңес береді және қайта өңдейтін ең жақын станцияның қайда орналасқанын айтады. Қосымша ақпаратты веб-сайттан табуға болады. www.autogreen.eu

Lexus компаниясы қоршаған ортаға тиетін әсерді азайту үшін халықаралық деңгейде әрекет етеді. Қызмет ету мерзімі аяқталған автокөліктерді қайта өңдеу үшін іскерлік серіктестерді таңдау барысында аса жоғары стандарттардың сақталуын қамтамсыз ету өте маңызды.


ХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАРДЫ РЕТТЕУ

Біз қоршаған ортаға тигізетін әсерімізді азайту үшін шаралар қолдануды ол еуропалық заңнаманың талабы болғанға дейін көп уақыт бұрын бастағанбыз. Біз дұрыс жойылмаған жағдайда экологияға ұзақ уақыт бойы нұқсан келтіретін қорғасын*, кадмий және сынап сынды ауыр металлдарды пайдалануды қысқарттық не толықтай доғардық. Біздің автокөліктеріміздің бөлшектері мен карозияға қарсы құрамдарда қорғасын жоқ, ал жарықтандыру жүйелері мен ауыстырып қосқыштарды өндіру барысында біз сынапты қолданбаймыз. Сонымен қатар біз құрамында зиянды заттар бар еріткіштер мен бояуларды пайдаланбаймыз.

Біз REACH – ЕО-тың "Мемлекеттік тіркеудің, сараптаудың, лицензиялаудың және химиялық заттардың айналымын реттеу тәртібі" Техникалық регламентіне қатаң сәйкестікте әрекет етеміз және бизнес серіктестеріміздің бәрімен олар да өз міндеттері мен жауапкершілік аясын түсінетіндей дәрежеде қызмет етеміз. REACH-ке сәйкестік бойынша шаралар біздің өндіріс, қосалқы бөлшектер және аксессуарларды қоса алғанда, барлық қызметіміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Біз химикаттарды қауіпсіз пайдалану саласында көшбасшы болуға және өзге де химиялық нормалардың талаптарына сай болуға ұмтыламыз.<

ЕО комиссиясының директивасының 2000/53 II Қосымшасындағы "Ерекшеліктер" бөлімінде көрсетілгендей, *Стартерлі аккумуляторлық батареяяларды қоспағанда

Аса қауіпті заттар туралы ақпарат(SVHC)

REACH Регламентінің 33-бабында пайдаланушылар біздің өнімдерімізде аса қауіпті заттардың (SVHC) барынан хабардар болуы тиіс. Сіздің автокөлігіңіз бойынша ақпаратты төменде келтірілген тізімнен қарай аласыз.