1. Discover Lexus
  2. Safety
Байланысу

LEXUS ҚАУІПСІЗДІГІ

Сіздің қауіпсіздігіңіз біз үшін басымдыққа ие. Lexus Safety System + жақсартылған қауіпсіздік жүйесі өзге көлік жүргізушілер мен жолаушылардың және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, ЖКО-ның алдын алудың жаңа дәуірін ашады.
01

LEXUS SAFETY SYSTEM + ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ

Lexus Safety System + — бұл біздің автокөлік қауіпсіздігіне барар жолдағы жаңа кезеңіміз. Lexus Safety System + жақсартылған қауіпсіздік жүйесінің он жылдық инновация мен ЖКО себептерін зерттеу негізінде әзірленген бес инновациялық жүйесі апаттың алдын алудың үш маңызды аймағын қамтиды: бетпе-бет соғылу, қозғалыс жолағынан абайсызда шығып кету және қараңғы уақыттағы жол апаттары.
02

ЖҮРГІЗУШІ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖҮЙЕСІНІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Тәжірибелі жүргізуші көлігін тұраққа қойғанда да, қозғалыс жолағын ауыстырғанда да әрдайым айналасындағы жағдайды ескереді. Lexus-тің әзірлеушілері жүргізу шеберлігін жаңа деңгейге көтеретін түйсікті түрде түсінікті функциялармен сіздің сезім мүшелеріңізді күшейтіп, бұл қағиданы қолдануда бір қадам алға жылжыды.

ҚАТАР БОЙЫНША ҚОЗҒАЛЫСТЫ ҚАДАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ (LTA)

Қатар бойынша қозғалысты қадағалау жүйесі әсіресе бұрылыстарда немесе автомагистральдарда жүрген кезде пайдалы. Сонымен бірге ол алдыңғы жүйеге қарағанда радиусы аз бұрылыстарда қозғалуға көмектеседі. Егер жүйе сіздің Lexus автокөлігіңіз қатардан шығуы мүмкін екенін анықтаса, ол көліктің қатардың ортасына оралуын қамтамасыз ете отырып, одан шығуды болдырмауды бақылауға ауысады.

Алысқа түсетін жарықты автоматты басқару (AHB)

Өзге автокөлік жақындай бастағанда AHB жүйесінің автоматты сезгектері алысқа түсетін жарықты өшіреді. Бұл қараңғы уақытта басқа жүргізушілердің көздерін шағылыстырмай, емін-еркін жүргізуге мүмкіндік береді.

Жаяу жүргіншілерді анықтау функциясына ие соғылудың алдын алу жүйесі (PCS)

PCS алдыңғы жақта келе жатқан көліктер мен жаяу жүргіншілерді анықтап, сізге бетпе-бет соғылу қаупі жоғары екендігін ескертеді, соның арқасында сіздің маневр жасауға уақытыңыз болады. Егер жүргізуші уақытында әрекет етіп үлгермесе, жүйе соқтығысу барысында жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін тежеуіштер мен рөл дөңгелегін іске қосады.

Динамикалық бейімді круиз-бақылау (DRCC)

DRCC сізді алдыңғы жақта келе жатқан жүргізушіден қауіпсіз қашықтықта ұстай отырып, тұрақты жылдамдықта байсалды қозғалуға мүмкіндік береді. Тым жақын келгенде DRCC соғылуға жол бермес үшін сіздің көлігіңізді баяулатады.

ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН АНЫҚТАУҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІ (RSA)

Қауіпсіз жүргізу үшін жасалған жол белгілерін анықтауға көмек көрсету жүйесі (RSA) әсіресе жолдың бейтаныс бөліктерінде, жол белгілерін анықтап, мәліметті көп ақпараттық дисплейге шығарады. Динамикалық радары бар круиз-бақылауға қосылған кезде, автокөліктің жылдамдығы тіпті RSA анықтаған жылдамдық шектеулеріне сәйкес реттеледі. RSA барлық маңызды жол белгілері мен ескертулерін, соның ішінде электрлюминесцентті және жыпылықтайтын белгілерді анықтайды.

Автокөлікті қозғалыс жолағында ұстап қалу функциясына ие қозғалыс жолағынан шыққаны туралы ескерту (LDA)

LDA сізге рөлдегі діріл арқылы қозғалыс жолағында қалуға көмектеседі, автокөлік шетке ығыса бастағанда ол дыбыс және жарық арқылы сигнал беріп, сізді қозғалыс жолағына баяу қайтарады.

"Көрінбейтін" аймақтар мониторы

Шеткі көруіңіздің шектеулерін еңсеріңіз. "Көрінбейтін" аймақтар мониторы жүргізушілерді кейде артқы көрініске арналған айналардан байқалмайтын кедергілер туралы ескертіп, автокөліктің айналасындағы кеңістік туралы толық ақпарат алуға және толық сеніммен маневр жасауға мүмкіндік береді.

Тұрақ көмекшісінің жетілдірілген функциялары

Кез келген кеңістікке сенімді үйлесіңіз. Біздің тұрақ көмекшісінің функциялары шынайы уақытта сізге кез келген кедергі туралы хабарлап, қажет болған жағдайда тежелу тиімділігін жоғарылату арқылы сіздің жүргізуді түйсінуіңізді арттырып, автокөлігіңізді қорғайды.

 

Алысқа түсетін жарықты басқарудың бейімді және екі сатылы бейімді жүйесі (AHS)

Алысқа түсетін жарықты автоматты басқарудың жетілдірілген бейімді функциясы алдыңғы жақта келе жатқан автокөліктерді анықтап, шам жарығын автоматты түрде үлестіру үшін көліктің үстіңгі бөлігіндегі камераларды пайдаланады. Соның арқасында сіз қарсы бетте не алдыңызда келе жатқан автокөлік жүргізушілерінің көзін шағылыстырмай, алдыңыздағы жолға жарық түсіре аласыз. Алысқа түсетін жарықты басқарудың екі сатылы бейімді жүйесі – алысқа түсетін жарықтың басқарылуын арттыратын тағы бір жетілдіру.

LEXUS CODRIVE мүмкіндіктері

Lexus CoDrive жүргізудегі біздің ең инновациялық жетістіктерімізді біріктіреді және жүргізушіге толық бақылау береді. Динамикалық радар мен круиздік бақылауды, белгілерін анықтауға көмек көрсету жүйесін және алдағы жолды кесіп өтетін қозғалыс туралы ескерту жүйесін қамтитын Lexus CoDrive әр сапарды қауіпсіз және жағымды етуге, сонымен қатар сапар барысында көп ақпараттық дисплейде қолдаудың жай-күйі туралы нақты ақпарат беруге арналған. Lexus LS көлігіндегі Lexus CoDrive-та енді қатар бойынша қозғалысты қадағалау жүйесі бар, ол жол белгілері көрінбесе де, жолдан адаспауға көмектеседі.

АЛДАҒЫ ЖОЛДЫ КЕСІП ӨТЕТІН ҚОЗҒАЛЫС ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ

Көптеген көлік жиналған әр торапта автокөлігіңізді жолыңызды кесіп өтетін қозғалыстан қорғаңыз. Алдағы жолды кесіп өтетін қозғалыс туралы ескерту алда келе жатқан автокөліктер мен велосипедтерді анықтайды және соқтығысу ықтимал болса, дыбыстық сигналды іске қосудың алдында жүргізушіге проекциялық дисплей арқылы ескертеді.

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРДІ АНЫҚТАУ ФУНКЦИЯСЫ БАР СОҚТЫҒЫСУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҮЙЕСІ

Біздің соқтығысудың алдын алу жүйеміз Lexus LS үшін әлемдегі жетекші технологияның көмегімен жетілдірілді. Енді PCS сіздің көлігіңізді диагональ бойынша соққылардан қорғауға арналған алдыңғы бүйірлік соқтығысудың алдын алу жүйесін және, тежеу соқтығысудан сақтамайтын кезде, рульмен басқару арқылы бағытты өзгертуге арналған жүйені қамтиды. Жол қозғалысына басқа да қатысушылар велосипедшілерді және түнгі мезгілде жаяу жүргіншілерді анықтайтын жетілдірілген Pedestrian Alert (Жаяу жүргіншілер туралы ескерту) жүйесінің арқасында бұрынғыдан да жақсы қорғалған.

 

ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН АНЫҚТАУҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІ (RSA)

Қауіпсіз жүргізу үшін жасалған жол белгілерін анықтауға көмек көрсету жүйесі (RSA) әсіресе жолдың бейтаныс бөліктерінде, жол белгілерін анықтап, мәліметті көп ақпараттық дисплейге шығарады. Динамикалық радары бар круиз-бақылауға қосылған кезде, автокөліктің жылдамдығы тіпті RSA анықтаған жылдамдық шектеулеріне сәйкес реттеледі. RSA барлық маңызды жол белгілері мен ескертулерін, соның ішінде электрлюминесцентті және жыпылықтайтын белгілерді анықтайды.