ahb

LEXUS SAFETY SYSTEM + ЖАҚСАРТЫЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ

АЛЫСҚА ТҮСЕТІН ЖАРЫҚТЫ АВТОМАТТЫ БАСҚАРУ (AHB)

Алысқа және жақынға түсетін жарықтар арасында ауысу – түнгі мезгілде жүргізудің ажырамас бөлігі, ал алысқа түсетін жарықты автоматты басқару сізге автокөлікті көру мүмкіндігіне қатысты ымырасыз басқаруға мүмкіндік береді. AHB басқа автокөліктердің шамына байланысты әрекет етіп, қажет болғанда шам жарығын бәсеңдетеді, алдыңғы жақ бос болса, алысқа түсетін жарықты қайта қосады.
Орнатылған камераның көмегімен AHB көзге бірден түспейтін нәрселерді анықтайды. Жақынға түсетін жарыққа ауысудың оңтайлы сәті өзге жүргізушілердің көздерін шағылыстырмауға мүмкіндік береді, бұл ретте жолға жарық ұзағырақ түсіп тұрады. Бұл алдыңыздағы жолды оңтайлы шолуды қамтамасыз етіп, жаяу жүргіншілер мен кедергілерді барынша жақсы көруге мүмкіндік береді.
Жүргізушіге жарықты қайта-қайта ауыстырып қосу қажеттілігінен түсетін жүктеме азаяды: сіз жайланып, жол толық көрініп тұрған түнгі уақытта қауіпсіз қозғалудан ләззат ала аласыз.
Жауапкершілікті шектеу: Ешқандай жағдайда Lexus-тің қауіпсіздік жүйесін әдеттегі жүргізу қағидаларына балама ретінде пайдаланбаңыз; жүйені басқаруға кіріспес бұрын, мына нұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз. Қауіпсіз жүргізу үшін тек жүргізуші жауапты.

ОСЫ ТЕХНОЛОГИЯҒА ИЕ ҮЛГІЛЕР