1. Discover Lexus
  2. Safety
  3. Dynamic radar cruise control
Байланысу

ДИНАМИКАЛЫҚ БЕЙІМДІ КРУИЗ-БАҚЫЛАУ (DRCC)

Тұрақты жылдамдықта қозғалыстың барынша қауіпсіз болуы үшін автокөлік қоршаған ортадағы жағдайға лезде жауап қайтаруы тиіс. Динамикалық бейімді круиз-бақылау алда келе жатқан кез келген көлікпен жеТкілікті арақашықтықты сақтайды және соқтығысуға жол бермей, жылдамдықты төмендетеді.

DRCC алда төменірек жылдамдықта қозғалып келе жатқан көліктерді автокөлік камерасы мен радиатор торына орнатылған миллиметрлік диапазондағы радарлық сезгектің көмегімен анықтайды. Кедергіні анықтаған кезде сіздің автокөлігіңіз автоматты түрде баяулайды, бірақ бұл кезде круиз-бақылау режимінен шығудың қажеті жоқ. Егер соқтығысудың алдын алу үшін жылдамдықты азайту жеткіліксіз болса, DRCC автоматты түрде тежеуіштерді іске қосады, өзге автокөлікті басып озғаннан кейін жылдамдықты қайта қалпына келтіреді.

DRCC көптеген жол жағдайларында жайлы жүрісті қамтамасыз етеді. Жоғарғы жылдамдықтарды қолдайтын динамикалық бейімді круиз-бақылау, мысалы автомагистральда жылдам жүруге сай келеді, ал барлық жылдамдықты қолдайтын динамикалық бейімді круиз-бақылау тіпті сағатына 40 шақырымнан да төмен жылдамдықта да жұмыс істейді және көлік ағынында жүргізушінің тыныштығына кепіл болады.

DRCC көмегімен көлік жүргізу арақашықтықты сақтау қажет болғанда туындайтын күйзелісті кемітеді: бұл әсіресе қала жағдайында және автомагистральда тым тығыз көлік ағынында қозғалған кезде өзекті болып табылады.

Динамикалық бейімді круиз-бақылаудың интерактивті көрсетіліміне қатысыңыз

Жауапкершілікті шектеу: Ешқандай жағдайда Lexus-тің қауіпсіздік жүйесін әдеттегі жүргізу қағидаларына балама ретінде пайдаланбаңыз; жүйені басқаруға кіріспес бұрын, мына нұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз. Қауіпсіз жүргізу үшін тек жүргізуші жауапты.

ОСЫ ТЕХНОЛОГИЯҒА ИЕ ҮЛГІЛЕР

POST https://dxp-webcarconfig.lexus-europe.com/v1/model-filter-results/kz/kk?model=rxl%2Cnx%2Ces