2019 lexus safety system lane departure alert

LEXUS SAFETY SYSTEM + ЖАҚСАРТЫЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ

ЖОЛ ТАҢБАЛАРЫН БАҚЫЛАУ ФУНКЦИЯСЫНА ИЕ ҚОЗҒАЛЫС ЖОЛАҒЫНАН ШЫҒУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ (LDA)

Ұзақ сапар мен жаңа бағыттар жүргізушілердің барынша мұқият болуын талап етеді: қозғалыс жолағынан шығу жөнінде ескерту жүйесі дәл сондай жағдайларда пайдалы. Инновациялардың мұндай үйлесімі рөлмен басқару барысында көмек беруді, автокөлікті қозғалыс жолағында ұстап қалуды және сіздің автокөлігіңіз тіпті динамикалық бейімді круиз-бақылау режимінде тұрса да, оны қозғалыс жолағында тұрақты ұстап тұратын жақсартылған жол таңбаларын бақылау технологиясын қамтиды.
Камераның көмегімен LDA сіздің автокөлігіңіздің оның астындағы жол таңбасына қатысты қалпын бағалайды. Бұл шешім жүргізушінің үнемі жолдағы жағдайдан хабардар болып, қажет болғанда өз әрекеттерін түзетуіне мүмкіндік береді.
Күрделі жағдайларда LDA қосымша қолдауды қамтамасыз етеді. Шаршаңқылық пен мұқияттылықтың төмендеуінің алғашқы белгісі ретінде көбіне көліктің шетке қарай шығып кетуін атауға болады. Lexus-тің жол таңбасын басып кеткені жөнінде ескерту функциясына ие үлгілері жүргізушіге кез келген ауытқу жөнінде ескертіп, жол апатының алдын алады. Сезімталдықтың түрлі баптаулары жол таңбасын басып кеткені туралы ескертуді ол сіздің жүргізу стиліңізге барынша сай келетіндей етіп бағдарламалауға мүмкіндік береді.
Жолдағы одан да жоғары сенімділік үшін рөлмен басқару барысында көмек беру функциясы бар Lexus қозғалыс жолағындағы орынды сақтап қалу мүмкін емес болған жағдайда рөл дөңгелегіне жұмсақ күш түсіреді. Автокөлікті қозғалыс жолағында ұстап қалу функциясы жаңартылған және жетілдірілген: келесі буындағы жол таңбаларын бақылау функциясы автокөлікті қозғалыс жолағында ұстайды және автокөлік динамикалық бейімді круиз-бақылау режимінде болса да көліктің бірқалыпты бұрылыстарда шетке қарай ығысуын төмендетеді.
Мұндай LDA функциялары шаршаңқылық пен қысқа мерзімге мұқияттылықты жоғалтып алу себебінен болатын жол апаттарының алдын алуға көмек береді. LDA сигналдары жүргізушілерге бүкіл сапар бойы жинақылық пен сенімділікті сақтауға көмектеседі.
Жауапкершілікті шектеу: Ешқандай жағдайда Lexus-тің қауіпсіздік жүйесін әдеттегі жүргізу қағидаларына балама ретінде пайдаланбаңыз; жүйені басқаруға кіріспес бұрын, мына нұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз. Қауіпсіз жүргізу үшін тек жүргізуші жауапты.

ОСЫ ТЕХНОЛОГИЯҒА ИЕ ҮЛГІЛЕР