1. Discover Lexus
  2. Safety
  3. Lane Departure Alert (LDA)
Байланысу

АВТОКӨЛІКТІ ҚОЗҒАЛЫС ЖОЛАҒЫНДА ҰСТАП ҚАЛУ ФУНКЦИЯСЫНА ИЕ ҚОЗҒАЛЫС ЖОЛАҒЫНАН ШЫҒУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ ЖҮЙЕСІ (LDA)

LEXUS SAFETY SYSTEM + ЖАҚСАРТЫЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ

Ұзақ сапар мен жаңа бағыттар жүргізушілердің барынша мұқият болуын талап етеді: қозғалыс жолағынан шығу жөнінде ескерту жүйесі дәл сондай жағдайларда пайдалы. Инновациялардың мұндай үйлесімі рөлмен басқару барысында көмек беруді, автокөлікті қозғалыс жолағында ұстап қалуды және жолдағы таңбаны басып кету жөнінде ескертуді қамтиды. Осылайша сіз қозғалыс жолағында және шынайы уақытта қозғаласыз.

Камера хабарлағышының көмегімен LDA сіздің автокөлігіңіздің оның астындағы жол таңбасына қатысты қалпын бағалайды. Бұл шешім жүргізушінің жолдағы жағдайдан үнемі хабардар болуына және қажет болғанда өз әрекетін түзетуіне мүмкіндік береді.

Күрделі жағдайларда LDA қосымша қолдауды қамтамасыз етеді. Шаршаңқылық пен мұқияттылықтың төмендеуінің алғашқы белгісі ретінде көбіне көліктің шетке қарай шығып кетуін атауға болады. Lexus-тің жол таңбасын басып кеткені жөнінде ескерту функциясына ие үлгілері жүргізушіге кез келген ауытқу жөнінде ескертіп, жол апатының алдын алады. Сезімталдықтың түрлі баптаулары жол таңбасын басып кеткені туралы ескертуді ол сіздің жүргізу стиліңізге барынша сай келетіндей етіп бағдарламалауға мүмкіндік береді.

Жолдағы одан да жоғары сенімділік үшін рөлмен басқару барысында көмек беру функциясы бар Lexus қозғалыс жолағындағы орынды сақтап қалу мүмкін емес болған жағдайда рөл дөңгелегіне жұмсақ күш түсіреді, ал автокөлікті қозғалыс жолағында ұстап қалу функциясы егер автокөлік динамикалық бейімді круиз-бақылау режимінде болса, көліктің қалпын сақтауға көмектеседі.

Мұндай LDA функциялары шаршаңқылық пен қысқа мерзімге мұқияттылықты жоғалтып алу себебінен болатын жол апаттарының алдын алуға көмек береді. LDA сигналдары жүргізушілерге бүкіл сапар бойы жинақылық пен сенімділікті сақтауға көмектеседі.

Қозғалыс жолағынан шығып кету туралы ескертудің интерактивті көрсетіліміне қатысыңыз.

Жауапкершілікті шектеу: Ешқандай жағдайда Lexus-тің қауіпсіздік жүйесін әдеттегі жүргізу қағидаларына балама ретінде пайдаланбаңыз; жүйені басқаруға кіріспес бұрын, мына нұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз. Қауіпсіз жүргізу үшін тек жүргізуші жауапты.

ОСЫ ТЕХНОЛОГИЯҒА ИЕ ҮЛГІЛЕР

POST https://dxp-webcarconfig.lexus-europe.com/v1/model-filter-results/kz/kk?model=rxl%2Cnx%2Clx%2Cgx