1. Discover Lexus
  2. Performance
  3. F SPORT
Байланысу
Байланысу

F SPORT

Әр F SPORT автокөлігі LFA суперкары, RC F және GS F сынды үлгілердің негізінде жасалған, бірақ спорттық стильге тән элементтерінің арқасында әлдеқайда әсерлі көрінеді. Lexus-тің F философиясы шымыр пішінінің, кокпиттің спорттық атмосферасының және рөлмен басқарудың ерекше баптауларының арқасында, F SPORT-тың әр үлгісінен көрініс тапқан.

F SPORT-ТЫҢ СЫРТҚЫ ДИЗАЙНЫ

F SPORT автокөліктерінің сырт келбеті ұршық іспетті радиатор торының, торлы қосымшалардың және хромдалған бөліктерінің арқасында көз тартады. Тежеуіш механизмдерін салқындатуға арналған ірі ауа саңылаулары мен алдыңғы спойлердің төменгі тұсындағы аэродинамикалық тақтайшалар қомақты әрі батыл кескінін айқындап, қысу күшін арттырады. Образды жеңіл балқытылған бірегей дискілер мен Фудзи Спидвей тас жолын еске салатын әдемі F SPORT эмблемалары толықтырады.

ЭКСКЛЮЗИВТІ ДИСКІЛЕР МЕН АСПА БАПТАУЛАРЫ

Бұрылыстарда барынша ілінісу үшін жеңіл балқытылған дискілер төмен профильді шиналармен жабдықталған. Алдыңғы және артқы аспаның баптаулары көліктің басқарылуы мен жүрісінің бірқалыптылығын арттырады.

ЭКСКЛЮЗИВТІ АЛДЫҢҒЫ БАМПЕР МЕН РАДИАТОР ТОРЫ

Ұялы құрылымда жасалған ұршық іспетті бірегей радиатор торы бар әсерлі алдыңғы бөлігі бірегей дизайнға ие бамперімен бірге F SPORT үлгісіне тән сенімді әрі батыл кескін қалыптастырады. Бампердің анағұрлым бедерлі төменгі бөлігіне екі бөлек торлы қосымшалармен толықтырылған спойлер орнатылған.

F SPORT САЛОНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

F SPORT үлгілерінің жарыстық мұрамен байланысқан салонының жабдықталуы бүйірлік тірегіші бар эксклюзивті орындықтардан, фрезерленген аллюминийден жасалған педальдер мен F SPORT рөл дөңгелегінен тұрады. Мұқият ойластырылған кокпиттен өз орныңызды алыңыз, сонда сіз әрбір бөліктің сізді автокөлікпен және оның спорттық мінезімен қалай тығыз байланыстыратынын түсінесіз.

СПОРТТЫҚ ОРЫНДЫҚТАР

Бұрылыстарда жақсы демейтін F SPORT орындықтары анағұрлым айқын кескін мен жақсартылған отырыс қалпына ие. Орындықтардың әсерлі тігістерін біздің такуми шеберлері қолмен жасаған.

ЖАРЫСТЫҚ СТИЛЬДЕГІ ДИСПЛЕЙ

F SPORT-тың спорттық стильде жасалған аспаптар панелі ең маңызды параметрлердің барлығын қосып, кез келген уақытта автокөліктің жағдайы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Drive Mode Select селекторымен үйлестікте көп деңгейлі аспаптар панелі дизайнын таңдалған қозғалыс режиміне байланысты өзгертеді.

Ескертпе: Lexus-тің барлық үлгілері үшін қолжетімді.

СПОРТТЫҚ РӨЛ ДӨҢГЕЛЕГІ МЕН ПЕДАЛЬДЕР

F SPORT деген эмблемасы бар ойықталған былғарымен қапталған эргономды спорттық рөл дөңгелегі беріліс қорабының басқару органдарымен үйлеседі. Фрезерленген алюминий педальдер сенімді ілінісу мен керемет жауап қайтаруды қамтамасыз ете отырып, F SPORT үлгілерінің спорттық тегін айқындайды.

Ескертпе: Lexus-тің барлық үлгілері үшін қолжетімді.

ӨЗ F SPORT ҮЛГІҢІЗДІ ТАҢДАҢЫЗ

F SPORT-тың бірегей стилі Lexus-тің көптеген үлгілері үшін қолжетімді. Өзіңізді көрсететін уақыт келді: өзіңіз үшін F SPORT үлгілерін ашыңыз.

NX
NX Comfort
26 380 000 Т
RX
RX Comfort Кроссовер
31 960 000 Т

https://dxp-webcarconfig.lexus-europe.com/v1/model-filter-results/kz/kk?model=rx%2Cnx