Кейде, расымен де үлкен идеяларды табу үшін санамызға сіңіп кеткен дайын үлгілерден тыс ойлау жеткіліксіз – кез келген дайын үлгіні жойып, барлығын нөлден бастау керек. Өнеркәсіптік дизайнер және технологиялық жаңалық ашушы Лоуренс Кембалл-Куктың амал-тәсілі дәл сондай болды: ол күннен-күнге ушығып бара жатқан климаттың өзгеруіне байланысты жаһнадық мәселеге қатысты мүлде жаңа, шығармашылық шешім табуға бел байлады.
Өзі өнеркәсіптік дизайн және технологияны оқыған Лафборо университетіне барар жолда үнемі жел және күн энергиясына баламаның болу мүмкіндігі жайлы ойланатын Лоуренс инновациялық амал-тәсіл ойлап тапты.
«Жылына 75 миллион адам өтетін "Виктория" темір жол вокзалы арқылы өтіп бара жатып, мен онда жүрген адамдардың біршама кинетикалық энергияларын алу мүмкіндіктері жайлы ойлана бастадым», – дейді Кембалл-Кук. "Менің қайта қалпына келетін энергия көздері мен қалалық инфрақұрылымға қатысты өзіндік зерттеулерім маған қала тұрғындарының қадамының энергиясын пайдалануға шабыт берді".